Бүгінде коммуникацияларды тарту жұмыстары аяқталуға жақын.
Алдағы 10 күн ішінде жаңа су құбыры желілерін учаскелер бойынша кезең-кезеңімен іске қосу жоспарлануда — бұл қысыммен тексеру және басқа да техникалық процедуралар аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Қосылу мүмкіндігі туралы қосымша хабарланатын болады.
Сонымен қатар желілердегі жұмыстар белгілі бір көше учаскелерінде аяқталған соң, кезең-кезеңімен асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Жоба аясында жол төсемі жолдың толық ені бойынша қалпына келтіріледі. Қазіргі таңда 15 көшеде жұмыстар атқарылды.
Қайрат шағынауданы тұрғындарын 100% орталықтандырылған коммуникациялармен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры және кәріз желілерін тартудың келесі кезеңі жүзеге асырылып жатқандығын еске саламыз. Жоба Қонаев ӨК тұрғын үй алабын қамтиды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1038645?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау