ШҚО-да «Oskemen Open-2025» халықаралық шахмат фестивалінің ашылуы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемен қаласында бірнеше күнге созылатын «Oskemen Open-2025» халықаралық шахмат фестивалі басталды. Бұл додада халықаралық деңгейдегі шеберлер, жас дарынды шахматшылар мен әртүрлі елдерден келген жаңа бастаған ойыншылар бас қосады.
Фестивальдің ашылуы барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ойын залдарын аралап, гроссмейстерлермен және жас шахматшылармен әңгімелесті.
«Біз үшін даңқты шеберлермен қатар, талантты жастардың қатысуы өте маңызды. Шахмат – нақты әрі ойлы шешім қабылдауға, сабырлыққа және жеңіске деген жігерге үйретеді. Сиуденттеріміз бен жас мамандарымыздың бойындағы бұл қасиеттерді біз аса жоғары бағалаймыз. Әрбір жүрістеріңіз сәтті, ал әр партияларыңыз жеңіс пен тәжірибе әкелсін», – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Облыс әкімінің айтуынша, Шығыс Қазақстан тағы бір мәрте әлемдік шахмат турнирін қабылдап отыр. Сондықтан өңірде спортшыларға қолайлы жағдай жасау – жұмысымыздың басым бағыттарының бірі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1037971?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version