2023 жылдан бастап менің тапсырмам бойынша ауылдық жолдарды жөндеуге жыл сайын қаржы бөлінуде. Бұл – қала мен ауыл арасындағы өмір сапасын теңестіруге бағытталған маңызды қадам.
📈 Егер 2022 жылы – 8,5 млрд ₸ бөлінсе,
📈 2023–2024 жылдары – жыл сайын 20 млрд ₸,
📈 ал 2025 жылы – 29 млрд ₸ бөлініп, 103 елді мекендегі 400-ден астам көше жөнделуде.
Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 3,6 есе көп, ал басқа өңірлермен салыстырғанда 1,5–9,5 есе артық.
Біз бұл қаражатқа Қостанайда 2–3 ірі нысан сала алар едік. Бірақ ауыл көшелерінің жағдайын көре отырып, әділет жолын таңдадық.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-stepnoi/press/news/details/1039042?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау