Ақтауда «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 23 шілде күні Ақтау қаласында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында азаматтық қорғау құрылымдарының саптық көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Тілек Көшмағанбетов, қала әкімінің орынбасары Ерғали Скендиров, Маңғыстау облыстық ТЖД бастығының орынбасары және Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қатысты.

Іс-шара барысында Ақтау қалалық азаматтық қорғау қызметінің 15 басшы құрамынан қалалық оқу-жаттығу штабы құрылды. Арнайы саптық көрсетілімге 117 жеке құрам мен 77 арнайы техника жұмылдырылды. Құрамында полиция, өрт сөндіру, құтқару, байланыс, медициналық қызмет, қоғамдық тамақтандыру, жанар-жағармаймен қамту және құлақтандыру құрылымдары бар жедел топтар бар. Шара барысында олардың төтенше жағдайлар кезінде шұғыл әрекет етуге дайындығы пысықталды.

– Мақсат – техникаларымызды, құрал-жабдықтарымызды, жеке құрамды төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін бағытталған. Оқу-жаттығуға Ақтау қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің барлық жеке құрамы қатысуда, – деді Ақтау қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Бауыржан Оңғарбаев.

Айта кетейік, «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп келеді. Шара азаматтық қорғау жүйесінің әзірлігін арттырып, төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1039412?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version