Александр Васильевич Стасевский – су шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Қазіргі уақытта ол Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» филиалының Павлодар пайдалану басқармасына қарасты электр жабдықтарын жөндеу учаскесінде электромонтер болып қызмет атқарады.
Александр Васильевичтің еңбек жолы 1995 жылы басталды. Ол алғаш еңбек қызметін «Ертіс–Қарағанды каналы» пайдаланушы кәсіпорнының Павлодар аудандық басқармасына қарасты телемеханика және байланыс құралдары цехында желілік байланыс құрылғыларының электромонтері ретінде бастаған. 2004 жылдан бастап «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» филиалының электрмеханикалық цехында электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электромонтер болып еңбек жолын жалғастырды.
2011 жылдан бүгінгі күнге дейін Александр Васильевич Павлодар пайдалану басқармасының электр жабдықтарын жөндеу учаскесінде еңбек етіп келеді. Бұл салада ол өзін тәжірибелі, ісіне ұқыпты әрі жауапты маман ретінде таныта білді.
Ол жұмыс барысында тарату қораптарын, клеммниктерді, сақтандырғыш қалқандарды және жарықтандыру арматурасын монтаждау мен жөндеуді сапалы орындайды. Сондай-ақ 1000 В-қа дейінгі кернеулі сымдармен жұмыс жүргізіп, оларды кесу, қосу, оқшаулау және дәнекерлеу сияқты күрделі техникалық операцияларды сенімді атқарады. Электр жабдықтарын қосу мен ажырату, пневмо және электр құралдарын пайдалану – оның күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі.
Көп жылғы мінсіз еңбегі мен салаға сіңірген еңбегі үшін ол «Құрмет» орденімен марапатталды.
https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/5644
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1039206?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау