Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылдық округінің әкімі Олжас Саттаров ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы жергілікті БАҚ өкілдеріне есеп берді. Оның айтуынша, округтің жалпы жер көлемі – 3858,5 гектар, халық саны – 6925 адам. 6 айда бөлінген 41 млн 489 мың теңге толық игеріліп, салық түсімдері жоспардан асыра орындалған. 21 отбасы әлеуметтік көмек алып, 20 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.
Кездесу барысында ауыл әкімі ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын баяндады. Ауыз су, газ тарту, жол жөндеу, әлеуметтік нысандар құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Ұшқын ауылындағы ескі су жүйесін жаңарту, Достық пен Қоралас ауылдарын газбен толық қамтамасыз ету және көшелерді жөндеу жұмыстары биылғы жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, мәдениет үйі мен кітапхана салу үшін жоба сараптамадан өтті. Қоралас ауылында жаңа мектеп салу үшін жер телімі бөлінді. Кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Соңғы бір жылда ауылға 350 млн теңге инвестиция тартылып, 4 жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиелер беріліп, тұрғындар өз кәсібін ашуда. Әкім алдағы уақытта ауылды дамыту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1038832?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау