Өзбекстан Республикасымен электронды фитосанитариялық сертификаттар алмасу жолға қойылады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тяньцзинь қаласында (ҚХР) өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің фитосанитариялық органдары басшыларының кеңесі аясында бірқатар екіжақты кездесулер өтті

Тяньцзинь қаласында (Қытай) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің фитосанитариялық ведомстволары басшыларының кеңесі аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Әсембекұлы Қаныбеков Өзбекстан Республикасы Өсімдіктер карантині және қорғау агенттігінің директоры Иброхим Эргашевпен және Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры Турсунбек Кубанычбековпен екіжақты кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында ауыл шаруашылығында зиянкестерге қарсы тиімді әдістерді кеңінен енгізу, фитосанитариялық тәуекелдерді басқару және цифрлық шешімдерді қолдану салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды.

Өзбекстан өкілдерімен өткен кездесудің нәтижесінде келесі мәселелер бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді:

✔️ Фитосанитариялық бақылауды күшейту және электронды сертификаттармен алмасуды жолға қою;

✔️ 2025–2026 жылдары зертханалардың, ақпараттық жүйелердің және өткізу бекеттерінің жұмысымен танысу мақсатында жұмыс сапарларын ұйымдастыру;

✔️ Өзбек тарапы ұсынған «Агрокўмакчи» мобильді қосымшасын қызметте қолдану;

✔️ Шекарааралық карантиндік зиянды организмдердің ошақтарын анықтауға қатысты бірлескен тәсілді қалыптастыру үшін ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімге келу.

Қырғызстанмен өткен екіжақты кездесуде ынтымақтастықты нығайту мәселесі басым бағыт ретінде қаралды. Маңызды салалар бойынша пікір алмасу өтті. Келесі бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісімге қол жеткізілді:

🔹 Фитосанитариялық бақылау, сертификаттау және тәуекелдерді басқару салаларында тәжірибе мен ақпарат алмасу;

🔹 2025–2026 жылдары мамандар арасында практикалық жұмыс сапарларын ұйымдастыру;

🔹 ШЫҰ аясында шекарааралық зиянды организмдерге қарсы күрес бойынша үйлестірілген тәсілді қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/agroindust/press/news/details/1039428?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version