Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты, аудандық прокуратура және пробация қызметінің бірлесуімен әкімдік ғимаратында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
⚖️ Іс-шара Мемлекет Басшысының құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде жүктеген міндеттерін іске асыру шеңберінде өткізілді.
🤝 Кездесу барысында пробация саласында еңбек ететін мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетуді күшейту мен олардың жұмыс істеу жағдайларын жақсарту мәселелері талқыланды.
✅ Қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1038751?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау