Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жүйнек ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, елді мекендердегі жолдарды орташа жөндеу және пайдалануға берілген көпір құрылысымен танысты.
Жүйнек ауылындағы Халмурзаев көшесі (2,006 шақырым), Әмір Темір көшесі (1,480 шақырым), И.Атажанов көшесі (1,855 шақырым), Шекербұлақ ауылындағы Момбеков көшесі (1,730 шақырым), Шыпан ауылындағы Ордабасы көшесі (1,583 шақырым) және Сарыарқа көшесі (2,5 шақырым) бойынша ұзындығы жалпы 11,15 шақырымды құрайтын жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Асфальт жабындысының қалыңдығы 5 сантиметр. Жөндеу жұмыстарын «Жайлау Агро» ЖШС жүргізіп жатыр. Жоба қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.
Сонымен қатар, Шекербұлақ елді мекеніндегі Балантас көшесінен Түркістан көшелеріне өтетін учаскеде орналасқан көпір ағымдағы жөндеуден өтті. Ұзындығы 14 метр, ені 4 метр болатын бұл көпірдің астына бетон блоктар орнатылды. Жөндеу жұмыстарын «Kaz Construction» ЖШС жүргізді.
Аудан әкімі аталған инфрақұрылым нысандарын аралау барысында жұмыс сапасы мен мерзімінде аяқталуын басты назарға алып, мердігер мекемелер мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
– Ауылдық елді мекендердің жол және көлік инфрақұрылымын жаңарту – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартудың маңызды тетігі. Әрбір құрылыс халықтың күнделікті игілігі үшін жұмыс істеуі керек, – деді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1038969?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау