Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау саласы бойынша тыңдаушыларды даярлау және қайта даярлау сабақтары өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы ТЖД-де азаматтық қорғау саласы бойынша тыңдаушылар топтарын даярлау және қайта даярлау бойынша кезекті сабақтар өткізілді.

Оқытуға өңір аумағында қызмет ететін волонтерлік ұйымдардың (топтардың) басшылары мен үйлестірушілері қатысты.

Курс аясында тыңдаушылар Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының ережелерімен, сондай-ақ «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларымен» және алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету негіздерімен жан-жақты танысты.

Оқыту төтенше жағдайлар кезінде жедел және сауатты әрекет етуге мүмкіндік беретін қажетті білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталды.

Оқуды аяқтағаннан кейін барлық қатысушылар курс өткенін растайтын сертификаттарға ие болды.

Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасуда және волонтерлік құрылымдардың азаматтық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын нығайту мен дайындық деңгейін арттыруда маңызды элемент болып табылады.

 

Алматы облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1039727?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version