“Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы” ММ А. Бараев көшесі бойындағы көліктік жерасты туннеліндегі қабырғалар қаптамасын және бордюрлердің ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілгені туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 25 шілдесінен 1 қыркүйегіне дейін осы учаскедегі қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uad/press/news/details/1040137?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау