“Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы” ММ Ш. Айтматов көшесіндегі Сығанак көшесінен бастап Ж. Моладағалиев көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 22-25 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдары тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастыралатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uad/press/news/details/1039463?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау