«Мектепке жол -2025»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бәйтерек ауданының білім беру ұйымдары бойынша
«Мектепке жол -2025 » акциясының өткізілуі туралы
Бәйтерек ауданының білім беру ұйымдарында 2025 жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы (бұдан әрі – акция ) өткізілу жоспарлануда.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу және акцияға ықтимал демеушілерді тарту үшін 2025 жылғы тамыз, қыркүйек айларында білім беру ұйымдарымен өңірлерді республикалық акцияның басталуы туралы ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияны өткізу барысында балалардың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, көмек беру қажеттілігіне назарлар аударылады. «Балаға мейірім сыйла!», «Ауыл балаларына-мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді:Балаларды мектепке дайындаймыз!», «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілік ретінде ауыл азаматтары, шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлер де атсалыса алады.
Құрметті аудан тұрғындары, белсенділері, бизнес өкілдері Сіздерді аталған акцияға ат салысуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1039874?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version