«ҚАЛАДАН-АУЫЛҒА»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ҚАЛАДАН-АУЫЛҒА»

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы №8 қаулысына сәйкес, 2024–2026 жылдарға арналған «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы іске асырылуда.

 

Бағдарламаның мақсаты:

– Ауылдық елді мекендерге қоныс аударуды ынталандыру;
– Халықтың көші-қонын азайту;
– Ауылдық аймақтар мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту;
– Жұмыссыз азаматтар мен жас отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қолдау көрсету.

 

Қолдау түрлері:

– Ауылдағы бос тұрған коммуналдық тұрғын үй беріледі;
– Жұмыс орны ұсынылады;
– Балалар мектепке орналастырылады.

 

Әлеуметтік қолдау шаралары:

– 100 АЕК-ке дейін (393 200 тг) көтерме жәрдемақы – «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында;
– 2000 АЕК-ке дейін (7 864 000 тг) бюджеттік несие – тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін;
– Медицина және фармацевтика мамандарына – 1 000 000–5 000 000 тг аралығында бір реттік төлем.

 

«Ауылда кәсіп бастаймын» деген жастарға:

– 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік грант – жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;
– 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 тг) – жастарға арналған мемлекеттік грант;
– Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қарастырылған.

 

Сырым ауданыбойынша ұсынылатын елді мекендер:

Жамбыл, Тасқұдық, Қызылағаш, Талдыбұлақ, Көгеріс, Аралтөбе, Көздіғара, Қосарал.

 

Байланыс:

📞 8 (71134) 31-348, 31-127
📱 8 705 567 5475
📍 Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1039914?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version