Жамбыл аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық

бірлестіктердің, олардың құрылымдық

бөлімшелерінің  назарына

 

 

Жамбыл аудандық мәслихатының

ХАБАРЫ

 

            Жамбыл аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, учаскелік сайлау комиссия және аудандық мәслихат депутаттарын сайлауы жөніндегі округтік сайлау комиссияларының босаған орындарын қалыптастыру жөнінде хабарлайды.

 

 

р/с

Комиссия атауы және мекен-жайы

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №102, аудандық мәдениет үйі)

3

2

№148 учаскелік сайлау комиссиясы (Жасөркен ауылы, С.Тұралиев көшесі №21, М.Әуезов атындағы орта мектебінің ғимараты)

2

3

№149 учаскелік сайлау комиссиясы (Қызылқайнар ауылы, Ә.Жанболатов көшесі №10, Жасөркен орта мектебінің ғимараты)

3

4

№150 учаскелік сайлау комиссиясы (Гродеково ауылы, Ақжол көшесі №7, Гродеково орта мектебінің ғимараты)

2

5

№155 учаскелік сайлау комиссиясы (Бесағаш ауылы, Жеңіс көшесі №4, Абай атындағы орта мектебінің ғимараты)

1

6

№159 учаскелік сайлау комиссиясы (Айшабибі ауылы, Жібек жолы көшесі №114А, Айшабибі ауылдық Мәдениет үйінің ғимараты)

1

7

№160 учаскелік сайлау комиссиясы (Айшабибі ауылы, Айшабибі көшесі №43А, Айшабибі орта мектебінің ғимараты)

2

8

№161 учаскелік сайлау комиссиясы (Қаратау ауылы, Б.Момышұлы көшесі №18А, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің ғимараты)

1

9

№164 учаскелік сайлау комиссиясы (Ш.Ниязбеков ауылы, Ж.Жантеліұлы көшесі №25, Ә.Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің ғимараты)

4

10

№166 учаскелік сайлау комиссиясы (Аса ауылы, Абай көшесі №22, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимараты)

1

11

№167 учаскелік сайлау комиссиясы (Аса ауылы, Абай көшесі №102, Аудандық мәдениет үйінің ғимараты)

2

12

№168 учаскелік сайлау комиссиясы (Аса ауылы, Төле би көшесі №106, №1орта мектебінің ғимараты)

1

13

№169 учаскелік сайлау комиссиясы (Бірлесу-Еңбек ауылы, Абай көшесі №61, Бірлесу-Еңбек ауылдық клубының ғимараты)

1

14

№174 учаскелік сайлау комиссиясы (Еңбек ауылы, Д.Қонаев көшесі №1/А, Еңбек орта мектебінің ғимараты)

1

15

№178 учаскелік сайлау комиссиясы (Ерназар ауылы, Ақшуақ ана көшесі №45, Ерназар ауылдық клубының ғимараты)

1

16

№179 учаскелік сайлау комиссиясы (Тоғызтарау ауылы, Жамбыл көшесі №3В, Тоғызтарау ауылдық клубының ғимараты)

1

17

№471 учаскелік сайлау комиссиясы (Гродеково ауылы, Ақжол көшесі №88В, Гродеково ауылдық мәдениет үйінің ғимараты)

2

18

Жамбыл аудандық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №2 округтік сайлау комиссиясы (Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Түгелбай көшесі №10, Ардагерлер үйі ғимараты)

1

19

Жамбыл аудандық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №6 округтік сайлау комиссиясы (Жамбыл ауданы, Гродеково ауылы, Ақжол көшесі №88В,  Гродеково ауылдық мәдениет үйінің ғимараты)

1

20

Жамбыл аудандық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №9 округтік сайлау комиссиясы (Тараз қаласы, Ақбұлым алқабы, Дербіс Болыс көшесі №33, Б.Бесбаев атындағы орта мектеп гимназиясы)

1

21

Жамбыл аудандық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №11 округтік сайлау комиссиясы (Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылы, Жеңіс көшесі №4,  Абай атындағы орта мектебінің ғимараты)

1

Барлығы

33

 

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2025 жылдың 25 шілдесінен 8 тамызға дейінгі аралықта комиссияларға қатысты келесідей құжаттарды аудандық мәслихатқа тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер (2-қосымша);

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері (1-қосымша).

5) Аумақтық сайлау комиссияларына кандидаттар үшін Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесінде Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы сертификат.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері Жамбыл ауданық мәслихаты сайтында сілтеме орналастырылған.

            Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

            Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 25 шілдеден 8 тамызға дейін дүйсенбі – жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қарауға жатпайды.

Жамбыл аудандық мәслихатының төрағасы – М.Б.Шайдаев

Мәслихаттың орналасқан жері: Аса ауылы, Абай көшесі, №123.

Жауапты адам – Спатов Серік Амангелдіұлы, каб. №216, қалааралық телефон коды (87233), қызметтік 2-12-75,-16-46: электрондық пошта: asa_maslihat@mail.ru. 

 

             

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-zhambyl/press/news/details/1039979?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version