Шымкент қалалық Әділет департаменті «AMANAT» партиясының қалалық филиалымен бірлесіп, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдауға қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәселелерін шешуге кәсіби қолдау көрсету болды.
Қоғамдық қабылдауға департамент мамандары Серік Алимкулов пен Камшат Меденовамен қатар, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, «Zangerler Palatasi» заң кеңесшілері Нұрлан Мырзабай, Сәбижан Нысанов, Олжас Қали және адвокат Бауыржан Мархабаев қатысты. Олар келген азаматтардың әрқайсысын жеке қабылдап, құқықтық мәселелеріне байланысты кеңес берді.
Тұрғындардан түскен сұрақтар негізінен жер дауы, алимент өндіру, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болу, несие қарызы және сот орындаушыларының іс-әрекетіне қатысты болды.
Әрбір өтініш заң шеңберінде мұқият қаралып, азаматтарға нақты құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді және ары қарайғы әрекеттер бойынша бағыт-бағдар ұсынылды.
Шымкент қалалық Әділет департаменті мұндай қоғамдық қабылдауларға алдағы уақытта да белсенді қатысып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1040575?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау