Целиноград ауданында тіл саясатын іске асыру мәселелері бойынша облыстық семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград ауданында «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Целиноград ауданында іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау барысы» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар жұмысына Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Дүзелбайқызы Талпақова мен Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының оқыту – әдістемелік орталығының директоры Қуаныш Қайырғелдіұлы Қажиахметов қатысты. Олар өз сөздерінде мемлекеттік тіл саясатының маңыздылығын атап өтіп, табысты тәжірибелерімен бөлісті және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оның қоғамдық және іскерлік салалардағы рөлін арттыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Семинарда сондай-ақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сүйінжанова, аудандық білім бөлімінің басшысының м.а. Айнұр Елеуова, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айгүл Рашитова және Тілдерді оқыту орталығы директорының м.а. Зухра Әбдібекова баяндама жасады. Олар өз сөздерінде аудандағы тіл саясатын іске асырудың негізгі бағыттарын – қазақ тілін оқыту, ресми құжаттар мен көрнекі ақпаратты заңнама талаптарына сәйкес рәсімдеу, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың ресми интернет-ресурстарының мазмұнын тіл нормаларына сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жүргізу мәселелерін қамтыды.

Іс-шараға 200-ге жуық адам – мемлекеттік органдардың, білім және мәдениет мекемелерінің өкілдері, кәсіпкерлер, жастар және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Семинар барысында қатысушылар аудандағы мемлекеттік тілдің жағдайы мен дамуының өзекті мәселелерін талқылады. Жергілікті деңгейде тіл саясатын жүзеге асыру тетіктерін жетілдіру, жастармен жұмысты күшейту, тілдік контентті қолдау және қазақ тілін үйренуге ынталандыруды арттыру бойынша ұсыныстар айтылды.

Семинар мәдени бағдарламаға ұласты: қонақтар мен қатысушылар назарына ұлы Абайдың өлеңдері мен әндері, сондай-ақ қазақ халқының рухани құндылықтарын бейнелейтін дәстүрлі және заманауи патриоттық әндер ұсынылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1040792?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version