Биыл Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ел тарихында елеулі орны бар тұлғалар мен айтулы мерейтой иелеріне арнап ерекше еңбек жасады.
Кітапхана ұжымы Қазақстанның және өңіріміздің танымал қайраткерлеріне арналған 19 атаулы еңбекті Брайль қарпінде басып шығарып, барлығы 57 дана кітап оқырманға жол тартты.
Бұл игі бастама — көзі көрмейтін және көру қабілеті шектеулі азаматтардың рухани дамуына, зияткерлік өсуіне ықпал етіп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, тарихи тұлғаларымызды тануға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Кітаптар арнайы рельефті-нүктелі шрифтпен әзірленіп, зағип жандардың ыңғайына бейімделіп шығарылған. Бұл жоба — инклюзивті мәдениет пен тең мүмкіндіктер қоғамын қалыптастыру жолындағы нақты нәтижелердің көрінісі.
Бұл туралы Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталмыш кітапхананың директорының орынбасары Кузенова Толқын Тәжітөреқызы мәлімдеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1040563?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау