Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Қостанай қаласында қолайлы қалалық орта қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысын тексерілді. Биыл Қостанайда 90 көше жөнделеді. Бұл – соңғы жылдардағы ең ауқымды жол жөндеу бағдарламасы.
Назарбаев пен Сьянова көшелері – ең ірі жобалар. Назарбаев көшесі (3,2 км) — көпір астындағы жол 4 жолақтан 6 жолаққа дейін кеңейтілді. 45 000 м² жаңа асфальт төселді. Сьянова көшесі (2 км) — қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда: 21 000 м² асфальт төселіп, тротуарлар жасалуда. Фролова көшесі-тағы бір маңызды нысан. Қазіргі уақытта жиектастар, жол төсемі мен брусчатка төселіп жатыр. Қоғамдық кеңістіктер де түрленіп жатыр. «Шағала» жағалауындағы жаяу жүргінші аймағы 1 км-ден 2,5 км-ге дейін ұлғайды, жағажайдың ауданы 100 м²-ден 300 м²-ге дейін кеңейді.1075 ағаш отырғызылды, 15 000 м² көгал төселді, 100 жатуға арналған шезлонг орнатылды. Триатлон саябағында велосипед жолдары, спорт алаңдары мен көрермендерге арналған орындар салынуда. Жұмыстар аяқталуға жақын. СХИ ауданының саябағы-26 000 м² көгалдандыру, 204 жарық тірегі, қажетті жабдықтардың барлығы сатып алынды. Тұрғындар айтқан барлық ұсыныс пен ескертулер назарға алынды. Абаттандыру-жайлылық қана емес, халықтың сенімі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1040322?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау