Төтенше жағдайларға дайындық және ден қою бойынша саларалық үйлестіру мен тәуекел-коммуникациясы тақырыбында семинар-жаттығу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес, басшы орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалығымен төтенше жағдайларға дайындық және ден қою бойынша саларалық үйлестіру мен тәуекел-коммуникациясы тақырыбында семинар-жыттығу өткізілді.

Семинар-жаттығуға Департаменттің тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы А.Ж. Үмбеталиев және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының төтенше жағдайлар бойынша жұмыстарға жауапты қызметкерлері қатысты.

Семинардың басты мақсаты – халықтың денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар кезінде салалар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін пысықтау, сондай-ақ халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен дағдарыс жағдайындағы коммуникацияның тиімділігін арттыру.

Сондай-ақ, Департаменттің тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы А.Ж. Үмбеталиев Ақмола облысы, Бурабай ауданында болған іссапарындағы төтенше жағдайлар бойынша алған дағдыларымен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1040728?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version