ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы бар бірқатар нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты.
Алдымен қала әкімі М.Мақатаев көшесінде орналасқан жаңа спорт кешенінің құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда бұл нысанда да құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Спорт кешенінің жалпы құрылыс алаңы — 826 шаршы метр, ал жер телімі — 0,186 гектарды құрайды. Құрылыс жұмыстары жақын арада аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, Әзімбек Пазылбекұлы 500 орынға арналған көрермен залы бар заманауи мәдениет үйінің құрылыс барысымен танысты. Заманауи талаптарға сай және көпфункционалды форматта бой көтеріп жатқан ғимараттың құрылысы бүгінде 90 пайызға аяқталған. Қазіргі уақытта нысанда ішкі әрлеу жұмыстары мен инженерлік жүйелерді орнату жұмыстары жүргізілуде.
Қала басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасын арттыру, техникалық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1040836?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version