Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 29 шілдеден бастап https://kazcoins.nationalbank.kz ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы «Ұлы қолбасшылар» сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын хабарлайды.
Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2000 (екі мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1040820?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау