Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында айтты.
«Жыл сайын оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Алайда биыл Конституция күні демалысқа сәйкес келгендіктен, сабақтар 2 қыркүйекте басталады. Ал Білім күніне арналған салтанатты шараны өткізу уақыты мен форматын мектептің педагогикалық кеңесі шешеді»,-деді министр.
📎Демалыс күндері:
– 5 күндік жұмыс аптасы: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек – демалыс;
– 6 күндік жұмыс аптасы: 30, 31 тамыз – демалыс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/1040866?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау