САРЫАҒАШ: ҚҰРКЕЛЕС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылдық округінің 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасын, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруын және жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар туралы бүгінгі өткен брифингте Құркелес ауылдық округінің әкімі Мейіржан Турсункулов баяндады.

Ауыл шаруашылық саласы бойынша 6,1 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде: жылыжайлардан 6 айда 11 400 тонна өнім алынды.Кәсіпкерлік саласы бойынша  3 жаңа нысан ашылып, 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жыл соңына жоспар – 9 нысан ашылып, 194 азамат жұмыспен қамтылып, 2,36 млрд теңге инвестиция тарту көзделген.

Құркелес ауылдық округіне қарасты 13 елді мекен  табиғи газ қамтылған. Таза ауыз сумен жалпы 92,3%  қамтылып, қазіргі таңда 3 ірі жобаның құрылысы  округке қарасты Ақүй, Алғабас, Ақниет елді мекендерінде жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 1300-ден астам үй таза ауыз сумен қамтылады.Сонымен қатар,  округте ескі желілерін  жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса, Ақниет елді мекенінде 54 шақырым желі мен 5 трансформатор орнатылуда . Ауылдық округке қарасты Жаңаталап пен Нұрлы жол елді мекендерінде орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Ауылдық  округте әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.Атап айтқанда: Жаңаталап, Нұрлы жол, Береке елді мекендерінде дәрігерлік- амбулатория бой көтеруде. Ал, Ақниет, Ақүй, Жылысу, Дастан елді мекендерінде фельдшерлік-акушерлік пункттер құрылысы жоспарланған.

Береке елді мекенінде аяқжол орнатылып, көше жарық шамдары жаңартылған. Жаңаталап пен Жылысу елді мекендерінде аяқжол орнату жұмыстары жүргізілуде. Береке, Құлтума, Еңкес елді мекендерінде воркаут алаңдары салынуда.Сонымен қатар, 4 білім беру ордаларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында округ аумағындағы 85 шақырым  көше, 10 шақырым аяқжол, 6,3 шақырым өзен-канал тазартылған. Жалпы сенбілік жұмыстарына 2560 адам, 16 техника жұмылдырылып, 70 тонна тұрмыстық қалдық шығарылған.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1040810?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version