Біздің құқық қорғау институты елдегі колонияларға үнемі барады, оның барысында сотталғандармен кездесулер өткізіліп, қажет болған жағдайда бейнематериалдар да сұратылады. Бұл тәжірибе Марат Жыланбаевқа да қатысты қолданылуда. Ол медициналық қызметкерлердің тұрақты бақылауында және спортпен шұғылданады, ал оны ұстау шарттары қолданыстағы стандарттарға толық сәйкес келеді.
Жыл басынан бері оған екі рет кездесу ұйымдастырылды, оның бірі – бір айдан астам уақыт бұрын жүзеге асқан. Бұған дейін, 2024 жылы да екі рет мекемеде болып, Жыланбаевпен кездесу өткізілген. Алдағы уақытта да оның жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесіне жоспарлы кезекті сапар жасалатын болады.
Сондықтан оның ауыр жағдайы туралы таратылып жатқан ақпараттардың объективті негізі жоқ және олар расталмайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1041447?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау