Қазақстан мен Аустрия серіктестікті одан әрі нығайтуға бейілдігін растады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2025 жылғы 28 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Аустрия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Андреа Бахермен кездесу өткізді.

Тараптар қазақ-аустриялық саяси және экономикалық өзара іс-қимылының қазіргі жағдайын қарастырып, оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Саяси диалогты ілгерілетудің маңыздылығы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын нығайту және өзара іс-қимылдың жаңа перспективалық салаларын айқындау ісінде Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясы мен Іскерлік кеңестің маңызды рөлі аталып өтті.

Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелеріне басты назар аударылды. Энергетика, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымды дамыту және туризм экономикалық серіктестіктің перспективалық бағыттары ретінде қаралды.

Кездесу соңында Министрдің орынбасары Аустриямен жан-жақты өзара іс-қимылды кеңейтуге бейілділігін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1041580?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version