Таеквондодан Серікбаева Айым – Азия чемпионы, Юн Любовь – қола жүлдегер!
Малайзияның Кучинг қаласында өткен таеквондо WT-дан жастар арасындағы Азия чемпионатында жамбылдық спортшылар табысты өнер көрсетті.
Серікбаева Айым – 42 келі салмақта барлық қарсыласын сенімді жеңіп, алтын медаль иеленді.
Жаттықтырушысы – Еркебұлан Ермекалиев.
Юн Любовь – 63 келіде қола жүлдеге қол жеткізді.
Жаттықтырушысы – Альмира Есмырзаева
Айрықша айта кетерлігі – Серікбаева Айым Азия чемпионатының “Үздік спортшысы” атанды!
Облыстың аға жаттықтырушысы – Алтынбек Мусинов.
Бұл жетістіктер — өңірімізде таеквондо спортының қарқынды дамып келе жатқанының айқын көрсеткіші.
Жас спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport/press/news/details/1041015?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау