Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ағымдағы жылы «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданына қарасты Луговое ауылының тұрғындарымен «Ономастика мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді.
Шара барысында басқарманың бас маманы Ақтолқын Исқалиева Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдар мен осы салаға қатысты заңнама талаптарын кеңінен түсіндірді. Ол нақты мысалдар келтіре отырып, атау беру мен қайта атау үрдісінің заңдық негіздері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Кездесуге 25 ауыл тұрғыны қатысып, белсенді түрде пікір алмасты. Жергілікті тұрғындар ауылдық округ пен елді мекен атауын өзгертуге қатысты өз ұсыныстарын білдіріп, мамандар тарапынан қолданыстағы заң аясында нақты әрі негізді жауаптар алды.
Бұл шара тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, ономастика саласындағы ашықтық пен қоғамдық пікірді ескеру үрдісін нығайтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1041193?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау