2025 жылғы 25 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер басқармасы азаматтарды жеке қабылдау қорытындылары бойынша берілген тапсырмаларды орындау шеңберінде Глубокое ауданына іссапармен барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сапар барысында Андрей Владимирович Зиберт көтерген азаматтардың өтініштерін қарау кезінде жеңілдетілген әкімшілік рәсімдерді қолдану және Белокаменка ауылындағы байланыс сапасының төмендігі мәселелері қаралды.

Өтініш берушіге азаматтардың өтініштерін қарау кезінде қолданылатын әкімшілік рәсімдерді іске асыру тәртібі, сондай-ақ интернет желісіне және дауыс байланысына қол жеткізу шарттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, базалық станция аумағындағы интернет жылдамдығы нақты өлшенді.

Кездесу соңында өтініш берушіге кері байланыс үшін қажетті байланыс деректері ұсынылды. Барлық айтылған ескертулер ескеріліп, жұмысқа алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-uca/press/news/details/1041758?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version