Аудан әкімінің аппараттық жиыны өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бейнеу ауданы әкімдігінде аудан әкімі Шалбаев Рахымжан Ысқақұлының төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті.
Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Амангелді Майлан, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Назарбек Қадыр, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері, мекемелер мен кәсіпорындардың жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Алдымен мекеме және кәсіпорын басшыларының өткен аптада атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Әрбір бағыт бойынша атқарылған іс-шаралар мен олардың нәтижелері баяндалып, алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстар талқыланды.
Сондай-ақ жиын барысында Бейнеу аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Талғат Есекенов 2024–2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары жөнінде баяндама жасады. Ол жаңа оқу жылындағы спорттық секциялардың жұмысы, балалар мен жасөспірімдерді бұқаралық спортқа тарту және жоспарланған іс-шаралар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Талқылау барысында аудан әкімі білім, мәдениет, спорт және өзге де салалар бойынша бірқатар нақты мәселелерге тоқталып, әр мекеме мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, халықпен кері байланысты күшейту және тұрғындар өтініштерін уақытылы қарау, жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Жиынды қорытындылай келе, аудан әкімі барлық жауапты тұлғаларға берілген тапсырмалардың орындалу барысы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1041948?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version