Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындық бойынша мониторингтік іс-шаралар шеңберінде Мамлют ауданының Дубровное орта мектебінде спорт залында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмысы барысымен танысты.
Жергілікті бюджеттен 25 млн. теңге бөлінген, мердігер ұйым LTD «Заңғар» болып табылады. Жұмыстар ағымдағы жылдың 4 маусымында басталған. Ағымдағы жылдың 29 шілдедегі жағдай бойынша техникалық қадағалаушының талабына сәйкес, жұмыстар ауыстырудың бекітілген хаттамасының болмауына байланысты тоқтатылуда. Мердігер ұйым басшысының ақпараты бойынша ауыстыру жобасы жоба авторымен келісілген, тапсырыс берушімен келісуді күтуде. Орындалған жұмыс көлемі 60 пайызды құрайды.
Білім беру мекемелерін жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындау Департаменттің тұрақты бақылауында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1042332?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау