Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясының су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану бөлімінің судын “қара нарығына” қатысты профилактикалық жұмыстар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 22 шілде – 25 шілде аралығында Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясының Ұлытау облысының су ресурстарын реттеу ,қорғау және пайдалану бөлімінің қызметкерлері заңсыз су пайдаланушыларды анықтау мақсатында рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізу барысында Кеңгір өзенінің бойында 2 азаматқа қатысты заңсыз су пайдалану фактісі бойынша әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Борсенгір селолық округіндегі шаруақожалықтарына судың “қара нарығына” қарсы күрес тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сарысу өзенінің бойында орналасқан Ашыкезен, Бөріойнақ су қоймаларына және Жезді магистральды каналына визуалды қарау Актісі жасалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1041870?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version