Өкіл Шалқар аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шалқар ауданына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж. Байдуллина аудандық уақытша ұстау изоляторының қызметімен танысты.

Сапар аясында изолятордың тұрмыстық жағдайы, ұсталушылардың құқықтарының сақталуы, медициналық көмекке және қорғаушымен байланысқа қолжетімділігі зерделенді. Өкіл ИВС әкімшілігімен, кезекші қызметкерлерімен әңгімелесіп, тіркеу және мониторинг журналдарын тексерді.

Сондай-ақ, ұсталушылармен жеке әңгімелесу өткізілді. Әңгімелесу барысында ұсталушылар тамақпен, киіммен қамтылу, медициналық тексерулер және шағым жасау тетіктеріне қатысты өз пікірлерін білдірді.

Анықталған кейбір жекелеген мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар жіберу көзделуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/1042128?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version