Заң және тәртіп: Астанадағы жағажайлар тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және аудандық әкімдіктердің өкілдері жағажай аумақтарына тексеру жүргізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тексеру мына нысандарды қамтыды:
• Күйгенжар тұрғын алабындағы «Столичный двор» демалыс аймағы;
• Орталық қалалық саябақтағы «Оазис» орталық жағажайы;
• Ш. Бейсекова көшесі бойындағы көпірдің оң жағындағы коммуналдық жағажай;
• Күйгенжар тұрғын алабындағы «Армина» демалыс аймағы;
• Сарыарқа ауданындағы «Три пескаря» демалыс орны.

Рейд барысында мамандар аумақтардың санитариялық жағдайын, техникалық жабдықталуын, құтқару құралдарының болуын және демалыс орындарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексерді.

Тексеру нәтижесі бойынша жағажайлардың иелері мен жалға алушыларына мынадай ұсыныстар берілді:
• аумақты тұрақты тазалап, санитариялық тазалықты сақтау;
• қауіпсіздік шараларын күшейту, соның ішінде құтқарушылардың кезекшілігін қамтамасыз ету;
• жағажай инфрақұрылымын – киім ауыстыратын бөлмелерден бастап алғашқы көмек көрсету пункттеріне дейін тиісті техникалық жағдайға келтіру.

Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына судағы қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау және балаларға назардан тыс қалдырмау қажеттігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1042337?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version