«Заң және тәртіп»: Сарайшық ауданында үш күн ішінде 21 кәмелетке толмаған баланың қараусыз жүргені анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Сарайшық ауданында 2025 жылғы 27-29 шілде аралығында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – жазғы каникул кезінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдердің қараусыз жүруінің алдын алу, сондай-ақ кешкі және түнгі уақыттарда олардың қатысуымен болатын құқықбұзушылық тәуекелдерін азайту, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға полиция қызметкерлері, білім беру саласының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың мамандары, сондай-ақ еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері барлығы 54 адам қатысты.

Профилактикалық рейдтер барысында:
• түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген 21 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды;
• олардың әрқайсысымен және ата-аналарымен жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
• 1 жасөспірім қараусыз жүргені үшін профилактикалық есепке қойылды;
• 1 заңды өкіл ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін профилактикалық есепке алынды.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша қолданыстағы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1042329?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version