Қала аумағын абаттандыру және көріктендіру бағытында «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Б.Саттарханов даңғылы бойында, Павлин құс мүсіні мен «Арена» кешені маңында гүл отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, көгал және арам шөптерден тазарту жұмыстары да қарқынды жүзеге асуда. Атап айтқанда, Эко базардың үшбұрышты аумағында, Павлин құсының маңында және Аэропорт тас жолы бойында арам шөптер орып, көгалдарды ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ретке келтіру бағытында да бірнеше нысанда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Б.Саттарханов даңғылы бойындағы «Нұрсәт» дәмханасының жанындағы ойын алаңы қалыпқа келтіріліп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, жол көрсету белгілерін жаңарту, жаяу жүргіншілер жолдарын жуу жұмыстары жүргізілуде. Аэропорт тас жолы бойындағы көпірге сырлау жұмыстары жасалып, қаланың эстетикалық келбетіне мән берілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1042457?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау