«Мектеп жолы» — жаңа оқу жылына бірге қадам!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қызылжар мәнсап орталығы «Мектеп жолы» атты жыл сайынғы қайырымдылық акциясына белсенді қатысуды жалғастыруда.

Акция аясында орталық мамандары ата-аналар мен оқушыларға әлеуметтік қолдау, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, сондай-ақ балалы отбасыларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы тегін кеңес өткізеді.

Кеңес барысында сіз мыналарды біле аласыз:
– жаңа оқу жылы қарсаңында қандай көмек түрлерін алуға болатынын;
– болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтарды;
– колледжге немесе ЖОО-ға түсу үшін бағытты қалай дұрыс таңдауға болатынын;
– жастарға арналған қандай мемлекеттік қолдау бағдарламалары бар екенін.

Біз тек балаларды мектепке дайындауға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар оларды саналы мамандық таңдау жолына бағыттауға тырысамыз.

Кеңес беру мекенжайы: Бескөл ауылы, Институтская көшесі 1, 113-кабинет
Жұмыс уақыты: ДС–ЖҰМ, 09:00–18:30
Қосымша ақпарат үшін телефон: 8-715-38-2-21-74
Источник:https://www.facebook.com/share/p/14H2NkcKEFY/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kyzylzhar/press/news/details/1042621?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version