Облыс басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке имәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға кірген азаматтар елді мекендерді газдандыру, суармалы сумен қамту, тұрғын үй және жер кезегіне қатысты мәселелермен жүгінді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімнің қабылдауына бірінші болып кірген азамат Қуат Қайранбаев Ақсу ауданының Алажиде, Молалы, Көлтабан, Егінсу, Матай, Сарқан ауданының Лепсі елді мекендеріне газ құбырын тарту, Бұрған каналынан шлюз салып, Үшкөлге дейін баратын су каналын тазалау және Егінсу ауылында бос қалған балабақшаны әкімдікке беріп, ішінен кітапхана ашу туралы ұсыныстарын жеткізді. Бірінші мәселеге қатысты Бейбіт Исабаев қазір құрылысы аяқталуға жақын қалған «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын салудың нәтижесінде көгілдір отынға қол жеткізетін елді мекендердің ішінде Көшкентал ауылы бар екенін айтты. Ал Матай бағытындағы ауылдар үшін магистралды газ құбырын тарту жобасын ІІ кезеңде жүзеге асыру жоспарланатынын жеткізді. Екінші мәселе бойынша Ақсу ауданы әкімінің айтуынша, Ащылыөзек каналы өткен жылы ауданның коммуналдық меншігіне берілген. Осыған байланысты Бейбіт Исабаев аудан әкіміне алдымен каналды құжаттандыруды, бұл жұмыс аяқталғаннан кейін механикалық тазартудың жобалау-сметалық құжаттама дайындауға бюджеттік өтінім беруді тапсырды. Сол сияқты белгілі болғандай, Егінсу ауылындағы бұрынғы балабақшаның екі қабатты ғимараты тұрмыстық қызмет көрсету орталығы ретінде жұмыс істейді деп күтіліп отыр. Онда ауылдықтар шаштараз сияқты шағын бизнес нысандарын ашады, сол сияқты спорттық үйірмелер ұйымдастыратын болады. Ал ауылдық кітапхана бұрыннан бар, өзі жеке ғимаратта орналасқан.

Мұнан соң мүгедек бала тәрбиелеп отырған ана Эльмира Акимова тұрғын үй мәселесімен жүгінді. Оның барлық сауалдарына «Отбасы банк» өкілі жауап беріп, мәселенің заң аясындағы шешімін түсіндірді. Сол сияқты қабылдауға келген талдықорғандық Нұрлан Айшымбаев жер кезегінде тұрғанын айтып, жер учаскесіне қашан қол жеткізетінін сұрады. Бейбіт Исабаев жер беру мәселесі Талдықорған қаласын дамытудың Бас жоспары Үкіметте бекітілгеннен кейін қарастырылатынын жеткізді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu/press/news/details/1043166?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version