Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, Атамекен елді мекенінде салынып жатқан медициналық нысанның құрылыс барысымен танысты.
Аудан басшысы құрылыс алаңында жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын, мерзімін мұқият тексеріп, жауапты мердігер мекемеге нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, инженерлік-инфрақұрылым желілерін тиімді және үйлестіре тарту қажеттігін ерекше атап өтті.
Қазіргі уақытта, медициналдық нысан ғимаратына кірпіш қалау жұмыстары аяқталып,сыртқы келбетін қаптау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары биыл мамаыр айында басталып, жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылуда. Жобаның тапсырыс берушісі – “CK ABU GROUP” ЖШС-і, мердігер мекеме – “Барыс Строй-2030” ЖШС-і.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1042324?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау