- Жалғыз аттанбай, тауға тек топпен барыңыз.
Жалғыз бару — үлкен қауіп. Әрқашан серіктеспен жүріңіз.
- Маршрутты алдын ала зерттеңіз.
Жолға шығар алдында мынадай ақпаратты анықтап алыңыз:
– жол жүру күрделілік деңгейі,
– қашықтық,
– ауа райы,
– қажетті құрал-жабдықтар.
- Сәйкес киімді таңдаңыз.
– міндетті түрде треккингке арналған аяқкиім.
Рюкзакта болуы тиіс заттар:
– ауа райына сай күртке мен шалбар,
– жаңбыр жамылғысы,
– жылы кофта немесе флис,
– ашық түсті киім (ешқашан қара немесе камуфляж кимеңіз).
- Рюкзакта болуы қажет заттар:
– қосымша жылы киім,
– пауэрбанк,
– маңдайшам + қосымша батарейка,
– ысқырық,
– шайы бар термос, жеңіл ас,
– жеке дәрі қобдишасы,
– таысмалы газ плитасы + баллон,
– алюминий кружка (500 мл).
Егер түнеу жоспарланса, қосымша:
– ұйықтайтын қап (спальник),
– төсеніш (каремат),
– қосалқы іш киім.
- Тауға шығар алдында міндетті түрде жақындарыңызға ескертіңіз:
– маршрут пен түнейтін орындарды айтыңыз,
– қай уақытта оралатыныңызды хабарлаңыз,
– үнемі байланыста болу үшін қоңырау немесе хабарлама жіберуді жоспарлаңыз.
– Өзіңізді және топтағы әрбір адамды суретке түсіріңіз — құтқарушыларға нақты сыртқы бейне қажет.
– Маршрутты нақтылап, оны туыстарыңызға хабарлаңыз.
– Телефонды толық қуаттап алыңыз, қосымша қуаттағыш (power bank), ысқырғыш және шам алыңыз.
Егер адасып қалсаңыз:
– Сабыр сақтаңыз, үрейге бой алдырмаңыз.
– Егер байланыс болса, 112 немесе 8 (727) 372 15 60 нөміріне хабарласыңыз. Геолокацияңызды жіберіңіз және ең бастысы сол жерден қозғалмаңыз.
– Байланыс болмаса — орныңызда қалыңыз, ысқырғышпен немесе шаммен белгі беріп тұрыңыз.
– Тоңып қалмау үшін анда-санда қимылдап тұрыңыз, бірақ ашық алаңнан немесе жолдан алыс кетпеңіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1042441?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау