Жұмыс кеңесі Степногорск қаласында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин Степногорск қаласына жоспарлы жұмыс сапары аясында қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен жұмыс кеңесін өткізді.

Сапардың мақсаты – өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың қазіргі жай-күйін талқылау және жүргізіліп жатқан алдын алу шараларының тиімділігін бағалау болды.

Кеңес барысында қаладағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, негізгі жұқпалы аурулар бойынша сырқаттанушылық деңгейі, олардың таралу динамикасы, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін себептер мен факторларға талдау жүргізілді.

Халықты вакцинациялау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Қазіргі иммундау көрсеткіштері, мақсатты топтарды қамту деңгейі, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі, сондай-ақ алдын алу шараларын күшейту мен халықтың вакцинацияға деген сенімін арттыру бойынша шаралар талқыланды.

Кеңес соңында Ғалымбек Алин санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының үйлесімді әрі кәсіби жұмысының маңыздылығын атап өтіп, атқарылған жұмыс үшін алғысын білдірді және қаладағы санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1042447?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version