Еңбек адамы: Қасенов Бейімбет Жеңісбекұлы – III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Бейімбет Жеңісбекұлы Қасенов 2001 жылдан бері су саласында табанды еңбек етіп келе жатқан білікті диспетчер. Еңбек жолын ҚР СРМИ «Қазсушар» РМК ШҚО филиалының Зайсан өндірістік учаскесінде бастаған ол, осы күнге дейін сол мекемеде тұрақты жұмыс істеп келеді.

    Ол 13 қараша 1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Сарытерек ауылында дүниеге келген. Мектептен кейін ауыл шаруашылығы бағытында білім алып, туған өлкесіне қызмет ету жолын таңдады.

    Бейімбет Жеңісбекұлының күнделікті атқарып жүрген еңбегі – суды дұрыс үлестіру мен есепке алуда аса жауапты міндет. Ол өз ісіне ұқыпты әрі тиянақты қарайтын маман ретінде танылған. Су ресурстарын тиімді басқару бағытындағы еңбегімен ұжым ішінде зор беделге ие.

    Қырық жылдан астам тарихы бар ұжымның дамуына қосқан үлесі үшін ол бірнеше рет алғыс хаттар мен марапаттарға ие болған.

https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/5711

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1043657?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version