Бүгін аудан әкімі Азизхан Исмаилов бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауыл округі әкімдері мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
Жеке қабылдауға келген Жаңабазар, Қазығұрт, Қызылқия, Қақпақ және Қарақозы Әбдәлиев ауыл округтерінен келген тұрғындар аудан басшысына бірқатар өзекті мәселелерін жеткізді. Атап айтқанда, ауыз су тапшылығы, жер телімдерін бөлу, тұрғын үй кезегі, үй іргелік жер телімдеріне қатысты, кәсіпкерлік саласын дамыту және әлеуметтік көмек көрсету секілді мәселелер көтерілді.
Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы әрбір тұрғынның өтінішіне заң талаптарына сәйкес жауап беріп, ұсыныстарын мұқият тыңдады. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің мән-жайына терең үңіліп, оларды шешу бойынша тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Аталған тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алу қажеттігін де ескертті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1043982?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау