Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауын жүргізді.
Азаматтар отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында құрылыс кезінде объектілерді отандық жабдықтармен техникалық қамтамасыз ету тақырыбын қозғады. Сондай-ақ қабылдауға қатысушылар құрылысты ұйымдастыру және саладағы рұқсат беру рәсімдерінен өту мәселелері бойынша жүгінді.
Оған қоса тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй қарыздарын жеңілдікпен алушылардың тізбесі бойынша ұсыныстар айтты.
Министр азаматтарға белсенділік танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, барлық сұрақтарға жауап беріп, жиын қорытындысы бойынша тиісті комитеттердің жауапты қызметкерлеріне қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1043989?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау