Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі орта білім беру ұйымдарын кешенді реновациядан өткізу, олардың инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылы Қызылорда облысының білім беру ұйымдарының ішінде 9 мектепке (аудандардағы 6 мектеп, Қызылорда қаласындағы 3 мектеп) ауқымды жөндеу жұмыстары тоғыз бағыт бойынша жүргізілуде.
Реновация жұмыстары білім беру ұйымдарында жаңа кабинет жабдықтары мен жиһаздарға, оқу ғимараттарына күрделі жөндеулер, барлық талаптарға сәйкес келетін спорт залдары, мектеп асханалары, кең жолақты интернет желілеріне және мектеп кітапханаларында автоматты түрде есепке алу, оқу құрылғыларында қажетті материалдарды жедел іздестіруге RFID технологиясын ендіру, балаларды тамақтандару орындарында жаңа технологиялық жабдықтағы асханалар мен жаңа қауіпсіздік жүйелерін енгізумен ерекшеленеді.
Осы жоба аясында Қызылорда облысында 2025 жылы – 9 мектеп, 2026 жылы – 19 мектеп, 2027 жылы – 23 мектепті жаңарту жоспарланған.
Департамент тарапынан осы жұмыстардың уақытылы аяқталуына, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау