29 шілде күні аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте облыс әкімінің тапсырмаларына сәйкес ауданда еңбек нарығын дамыту мен цифрландыру, су тапшылығы жағдайында егістікті сумен қамтамасыз ету және коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану мәселелері қаралды.
Аудан әкімі 2025 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту жол картасында ауданға бекітілген барлық көрсеткіштерге қол жеткізу, соған сәйкес жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жөнінде аудан әкімінің сала орынбасары Бектас Нуридинов пен салаға жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар берді.
Ауданда вегетациялық кезеңдегі су тапшылығына байланысты 8 күндік мерзіммен қалыптасқан су кезектілігінің 3-ші айналымы өтіп, 4-ші айналымы басталды. Осы кезектілік кестесін қатаң сақтай отырып, мүмкіндігінше егісті судан қалдырмау шараларын жасауды және осы бағытта шаруашылық құрылымдарының арасында тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тоқтатпау қажет- деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиевке, ауылдық округ әкімдеріне «КазСушар» мекемесімен бірлесіп аяқ су жеткізу қызметі ақысының ай сайын уақтылы төленуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Аудандағы коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимараттарға байланысты аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алмас Оразбеков пен тиісті ауылдық округ әкімдеріне шұғыл түрде жарамсыз ғимараттарды бұзу, жарайтын ғимараттарды қажет мекемелерге теңгерімге беру немесе аукцион арқылы сатуды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар жүктеді.
Жиын соңында аудан басшысы қаралған мәселелердің маңыздылығын айтып, тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1043987?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау