Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI жалғасуда. Бүгін Таиландта география пәнінен IGeO–2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ел тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізіп, екі алтын, екі күміс қанжығалады.
Алтын – Талғат Байбусынов, Қарағанды облысындағы НЗМ, 12-сынып
Алтын – Андрей Енбахтов, Қостанай облысындағы НЗМ, 10-сынып
Күміс – Болат Ақжол, Жетісу облысындағы НЗМ, 12-сынып
Күміс – Әлихан Қалмағамбетов, Ақтөбе облысындағы НЗМ, 12-сынып
Команда жетекшілері: Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың 2-курс студенті Рустам Валеев және халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Абай Дүйсен.
Айта кетейік, Қазақстан IGeO олимпиадасына 2012 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандық оқушылар 5 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль жеңіп алған. Жеңімпаздарды, олардың жетекшілерін және ата-аналарын зор жетістігімен құттықтаймыз! Бұл – еліміздің халықаралық беделіне қосылған сүбелі үлес.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1043974?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау