Қорғалжын ауданында “Қызмет алушы күні” өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылындағы Мәдениет үйінде аудан тұрғындарына арналған “Қызмет алушы күні” өтті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көзделген мақсаттарға қол жеткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел шешу және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді байланысты орнату.

Қоғамдық қабылдау аясында тұрғындар келесі салалар бойынша мамандарға тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды:

  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;

  • Архитектура, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;

  • Білім беру бөлімі;

  • Аудандық аурухана өкілдері;

  • Ветеринариялық инспекция мамандары.

Ауыл тұрғындары әлеуметтік-тұрмыстық және инфрақұрылымдық мәселелерге қатысты нақты сұрақтар қойып, тиісті мамандардан жан-жақты жауаптар мен түсініктемелер алды.

Ашық форматтағы мұндай кездесулер жергілікті халықты толғандыратын мәселелерді тиімді әрі жедел шешуге септігін тигізеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, “Қызмет алушы күні” Қорғалжын ауданында тұрақты түрде өткізіліп отырады.

Бүгінгі іс-шараға белсенді қатысқан барлық тұрғындарға алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-korgaljin/press/news/details/1043997?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version