VIII шақырылымдағы Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 28-сессиясы 2025 жылғы 28 ақпан күні Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында болып өтті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары, қазынашылық, кірістер басқармалары, кенттер мен ауылдық округінің әкімі, мекеме басшылары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.
1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №232 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №233 «2025-2027 жылдарға арналған Жосалы кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
3. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №243 «2025-2027 жылдарға арналған Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
4. Қармақшы ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.
5. Қармақшы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.
Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karmakshy/press/news/details/1043518?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау