БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Д.Жанабергенованың төрағалығымен 2025 жылдың 1-жартыжылдығы ішінде қызмет жұмысының нәтижелерін, алдағы кезеңге арналған міндеттерін қарау және өзекті мәселелерді талқылау бойынша қалалық және аудандық басқарма басшыларына алқа жиналысы өткізілді.
Алқа отырысы барысында, 2025 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша Батыс Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық жағдайы, жұқпалы ауруларға қарсы жоспарлы егумен қамту көрсеткіштері және бүйрек синдромды геморрагиялық қызба бойынша эпидемиялық жағдай және оның алдын алу бойынша қаражат бөлу мәселелері, туындаған өзекті мәселелер, алдағы кезеңге арналған мақсаттары және міндеттері туралы басшы орынбасары Н.Мұстаев баяндады.
Сонымен қатар, департамент басшысының орынбасары Г.Кереева жазғы сауықтыру мектеп жанындағы лагерлерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы, жазғы мезгілде тамақтан уланудың алдын алу шаралары, жаңа оқу жылына дайындық, бақылау сатып алу жоспарының тиімділік көрсеткіштері,туындаған өзекті мәселелер, тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің алдағы кезеңге арналған мақсаттары және міндеттері жайлы баяндама жасады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы Департамент ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы З.К.Надкирничная баяндама жасады.
2025 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау көрсеткіштері, туындаған өзекті мәселелер, алдағы кезеңге арналған мақсаттары және міндеттері туралы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалының директоры М.Р.Танауов баяндады.
2025 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындысы. Зертханалар патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымшалардың берілуі, туындаған өзекті мәселелер және алдағы кезеңге арналған мақсаттары және міндеттері жайлы «Орал обаға қарсы күрес станциясы» РММ филиалының директорының міндетін атқарушы Б.А.Изтлеуов баяндап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1044306?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау